|    |  
15 желтоқсан 2019
04:26
қаз
Жұмыстан шығарған жағдайда не істеу керек?
18 сәуір 2018, 16:17 48
Жұмыс берушінің жұмыстан босатуы кімге болсын оңай соқпайды. Бірақ бұл кезде қол қусырып қарап отыруға тағы болмайды. Не істеу керек? Кеңесімізге құлақ түріңіз.

 
 
Демалыңыз
Өткеніңіз жаныңызды ауыртып тұрғанда бірден жарқын болашаққа секіріп кете алмайсыз. Мұндай жағдайда мүмкіндік болса саяхатқа шығыңыз. Бірнеше күн демалыңыз, бой жазыңыз. Балаңызбен, достарыңызбен уақыт өткізіңіз, ата-анаңызға барыңыз. Табиғатқа шығыңыз. Жұмысыңыздан шыққаныңызды таныстарыңызға айтыңыз. Біреуі жұмыс ұсынып қалуы мүмкін.
  
Өз уақытыңызды ұйымдастырыңыз
Жұмыс іздеу міндетіне де жұмысқа қарағандай қараңыз. Жұмыс іздеуге күніне бірнеше сағатыңызды бөліңіз. Жаңа вакансияларды қарап, түйіндеме жіберіңіз.
 
Тартымды түйіндеме жазыңыз
Дұрыс әрі сауатты жазылған түйіндеме кімді болсын қызықтырады. Сондықтан бұл іске жауапкершілікпен қараңыз.
 
Біліктілігіңізді арттырыңыз.
Жұмыстан босағаннан кейін біліктілігіңізді арттыруға, кәсіби біліміңізді шыңдауға мүмкіндік туады. Бос уақытта осыған ден қойыңыз.
 
Көбірек ақпарат жинаңыз
Жіберген түйіндемелеріңізге қарап, әлдебір компания сізді жұмысқа шақырса сол компания туралы көбірек ақпарат жинаңыз. Тарихын, құрылымын, қызметкерлер құрамын біліңіз.
 
Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар