19 Август
07:42
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
27 қараша 17:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жұмысты қалай ауыстыруға болады?
Психологтардың пікірі бойынша жұмысты әр 3-5 жыл сайын ауыстырып отыру керек, әйтпесе мамандығыңызға деген қызығушылықтан айырылуыңыз мүмкін. Дегенмен, көбіміз жалықтыратын жұмыстан ашуланып шаршайтындығымызға қарамастан өзгеріс жасаудан үрейлене қорқамыз да, бір жерде жұмыс істеуді жалғастыра береміз. Қорықпаңыз! Жаңа жұмыс сізге сіз армандап та көрмеген жетістіктерге жол ашуы мүмкін!

Бұрынғы жұмыстан  шықпастан, жаңа жұмысты қалай іздеуге болады?

Асығыс шешім қабылдамаңыз 
Егер жұмысты ауыстыру туралы таңертеңгі уақыттарда, кеңсеге жиналып жатқанда және кешке үйге қайтып келе жатып ойласаңыз, онда сізді қанағаттандырмайтын нәрселер туралы байыппен ойланатын кез келді. Бір парақ қағаз алып бір бағанға сіздің пікіріңізше, мінсіз жұмыстың қасиеттерін жазыңыз. Бәрін ескеріңіз: орналасқан жерінен ұжымына дейін, дресс-кодтан келешекте өсуге дейін, графиктен бонустарға дейін және, әрине, жалақыға дейін. Ал енді сіздің қазіргі жұмысыңыз тізімдегі қанша тармаққа сай келетінін қараңыз. Егер көбіне оң белгі қойған болсаңыз, онда сізгедемалысқа шығатын кез келген сияқты. Егер теріс таңбалар басым болса, демек, өзгеріс жасайтын уақыт келді.



Терең талдау 
Сауатты түйіндеме (нұсқауларын ғаламтордан таба аласыз) құрастырып, оны тиісті сайттарға орналастырыңыз да, сіздің қызығушылығыңызды тудырған компанияларға жіберіңіз. Онымен қатар бос орындар нарығын зерделеп тұрыңыз. Болуы мүмкін жұмыс туралы ойланған кезде өзіңіздің «мінсіз тізіміңізбен» салыстырып отырыңыз: адам өзінің не іздеп жүргенін анық білсе, қойылған міндетті шешу оңайға түседі.

Баға жетпес тәжірибе
Егер сіз бір жерде өте ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп жүрген болсаңыз, HR-менеджерлермен (қызметкерлерді іріктеу үшін жауапты адамдар) қатынасу тәжірибесі артық болмайды. Бос орын ешқандай құлшынысыңызды тудырмаса да, кездесулергебарып жүріңіз. Осы кездесулердің қорытындылары бойынша қитұрқы сұрақтарға жауап беруді үйренесіз және, ең бастысы, өзіңізді байсалды, әрі  сенімді сезінетін боласыз. Нәтижесінде, өзіңізге лайық ұсыныс табылған кезде, дұрыс әсер қалдырып, армандаған жұмысыңызға қол жеткізесіз.

Жоспарларды өзгерту
Енді сіздің өзге компанияларда адамдардың қалай жұмыс істейтіндігі туралы түсінігіңіз бар, демек, салыстырулар мен қорытындыларға арналған өріс кеңейді. Сондықтан да кенеттен сіз қазіргі жұмысыңыздың сізді толық қанағаттандыратынын түсінуіңіз мүмкін. Тізімге оралып оған қайтадан талдау жасаңыз – оң таңбалардың саны көбейетіні сөзсіз. Керемет емес пе? Оның үстіне, іздестіру барысында сіз өзіңіздің кәсіби біліктілігіңіздің еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие екенін  түсіндіңіз, демек, басшылармен жалақыны көтеру немесе жұмыс кестесін өзгерту туралы әңгімелесуге негіз жетерлік.


Ең ақырғы аккорд 
Бастыққа жоспарларыңыз туралы жаңа жұмысыңызда анық кепілдік берілген соң ғана айтуыңыз керек. Бейресми түрде жұмыс мерзімдері туралы сөз қозғаңыз: жаңа қызметкерді іздестіруге сіздің компанияңызға екі емес, үш апта қажет болуы мүмкін, және қарым-қатынасты бұзбау үшін олардың айтқан мерзіміне көнген дұрыс. Кетерде қарым-қатынастарыңызды бұзбаңыз: кім біледі, мүмкін, жарты жылдан кейін кері қайтқыңыз келіп кететін шығар – қатынасты түбегейлі өзгертудің қажеті жоқ. Мүмкіндік болса, екі жұмыстың арасында өзіңізге екі апталық демалыс беріңіз. Жаңа компанияға демалып, күш жинап, жаңарған күйде шыққаныңыз жөн – уайымдамаңыз, егер сіз оларға шынымен қажет болсаңыз, олар сізді күтеді! Сәттілік тілейміз!

Дереккөзі: https://kz.everydayme.com

 
нравится:    854
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии