|    |  
14 қараша 2019
08:33
қаз
Жүргізуші газ басқышы істен шыққан көлігін тоқтатуға көмек сұраған
17 ақпан 2018, 16:32 33



АҚШ-тың Флорида штатының тұрғыны газ басқышы істен шыққан BMW X5 көлігін тоқтатуға көмек сұрағаннан кейін қатты жылдамдықпен 70 шақырымды жүріп өткен, деп Miami Herald басылымы.

28 жасар Джозеф Купер Мэн және Флорида штаттарын байланыстыра отырып, солтүстіктен оңтүстікке дейін елдің бүкіл аумағын басып өтетін I-95 автомагистралі бойымен сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жүріп өткен кезде газ басқышы істен шыққанын мәлімдеген.

Көлікті тоқтату мүмкін емес екенін түсінген Купер құтқару қызметіне хабарласып, көмек сұраған. Ол телефон арқылы диспетчермен әңгімелесіп отырып, көлікті тоқтатудың бірнеше тәсілдерін байқап көрген, алайда одан еш нәтиже шықпаған.

Содан кейін полиция қызметкерлері көліктің жолына екі рет тікенекті төсеме тастап, көлікті тоқтатуға әрекеттенген. Қатты жылдамдықпен келе жатқан BMW көлігінің екі доңғалағы жарылып, жылдамдығын сағатына 95 шақырымға дейін азайтқан. Үшінші рет тікенекті төсемені пайдаланғаннан кейін ғана көлік жыламдығын бәсеңдетіп, толығымен тоқтаған. Осы уақыт аралығында Купер шоммесен 70 шақырымды жүріп өткен. Оқиға салдарынан жапа шеккендер жоқ.

BMW компаниясы көлік жүргізушісі сипаттаған жайт шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. Автокөлік шығарушы компания көлік еденінің конструкциясы мен автомобиль компьютері газ басқыштың істен шығуына жол бермейді. Егер ондай жағдай бола қалған күннің өзінде, диспетчер ұсынған нұсқалардың бірі проблеманы шешуге көмектесетін еді деп есептейді. Компания полиция қызметкерлерінің оқиға салдарын тергеп-тексеру кезінде көмек көрсететінін мәлімдеді.



Дереккөзі: lenta.ru
 


Жаңалықтар