21 Май
15:01
Астана: 26 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 328.31
EUR/KZT: 386.62
RUB/KZT: 5.27
CNY/KZT: 51.49
Авто
5 ақпан 16:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жүргізушіні апатқа ұшырататын шаршау белгілері
Жол-көлік апаттарының 10-30 % жүргізушілердің шаршауынан немесе рөлде ұйықтап кетуінен болады. Әдетте жүргізушілер жай шаршау мен ұйқы қысқанын ажыратпай қалып жатады. Осындай жағдайға тап болмас үшін 5 лайфхакты назарларыңызға ұсынамыз. 



Қабақтың ауыр тартуы

Көзді ашу ауырлай түседі. Жиі жыпылықтай бастағанын сезесіз. Бұл мидың істен шыға бастағанын білдіреді. Көлікті жол жиегіне тоқтатып, демалу керек. 

Көздің алдауы

Көз алдыңыздағы заттар жақындағанда басқа зат болып шықса немесе мүлде жоғалып кетсе бұл мидың ақпаратты өңдеп үлгермей жатқанын және ұйқылы-ояу отырғаныңызды білдіреді. 



Әлденеге көз тоқтату қиын

Көз алдыңызда дүниенің бәрі тербеліп, жол шайқалып тұрғандай көрінеді. 

Ойыңыз шашырайды

Миыңыз басталған әңгімені жалғастыруға немесе ойыңызды аяқтауға мүмкіндік бермейді. Жолаушылар жүргізушіге бірнеше сұрақ қойып, оның жағдайын тексере алады. Мәселен «Қалаға қашан жетеміз?» немесе «Қанша уақыт қалды?» деп сұрауға болады. Оның жауабынан жағдайын аңғаруға болады.



Зейіннің төмендеуі

Бірнеше рет ұсақ ереже бұзсаңыз,бағдаршамда өтіп кетсеңіз, соңғы жол белгісін есте сақтамасаңыз тоқтау қажет. Әлі жүздеген шақырым жүре алатындай болып көрінсеңіз де тоқтаған абзал. 

Осындай жағдайлар ұзақ жол жүріп келе жатқанда болса мамандар келесідей кеңес береді: 

Билеңіз. Әр бір жарым екі сағат сайын тоқтап, көліктен шығып, билеп, бой жазыңыз. 

Жолға апельсинді молынан алып шығыңыз. Фаст-фудтан аулақ болыңыз. Жеміс-жидек бойыңызды сергітеді. Ал майлы тамақ керісінше ауырлатады. 

Ойнақы музыка тыңдаңыз. 

Жолаушыларды ұйықтатпаңыз. Қасыңыздағы адамдар ұйықтап қалса сіз де ұйқыға бой алдыра бастайсыз. 

Миыңызды жұмыс істетіңіз. 46-ға 54-ті қосып көріңіз. Немесе көбейту кестесін есіңізге түсіріңіз. Егер миыңыз мұның бәріне реакция бермесе тоқтап, тым болмаса 20 минут ұйықтап алыңыз. 

Дереккөз: https://www.adme.ru
 
нравится:    91
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии