21 Август
08:48
Астана: 9 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
1 тамыз 11:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Журналистер жаппай Баян Мақсатқызын Жазушылар одағына қабылдауды ұсынып жатыр
Күні кеше журналист Махамбет Ерғали атақты продюсер Баян Мақсатқызын Жазушылар одағына мүшелікке қабылдау туралы ұсыныс айтып, одақ жұмысын кекесінмен біраз сынға алған еді. Іле-шала белгілі қаламгер, мәдениет қайраткері Серік Жанболат та желідегі парақшасында ойымен бөлісіпті.


 
«Егер Жазушылар Одағына заманауи пиар керек болса,онда Баян Есентаеваны мүшелікке қабылдағаннан ұтылмайды. Өйткені, заманауи менеджменттің арбасы алға шықты қазір, PR заңдылықтары орып әкетіп барады. Капитализмнің бастауында отырғандағымыз бұл. Теледидардың төріндегі әншілер - соның қарлығаштары ғана. Алда жанталасып пиар қуалайтын күндер келе жатыр. Өйткені, жарнаманың сондай құдыреті бар. Жарнамасы бар адамның кітабын қуалап жүріп оқимыз әлі. Ал, өзін қоғамға қояр да қоймай өткізіп отырған адамның бірі - Баян Есентаева. Нарықтың, базардың көзімен қарасақ, ол - феномен. Ал, капитализм Жазушылар одағын айналып өтеді деген заңдылық жоқ. Қазақ тілі де капитал тіліне айналмаған соң - бейшара күйде. Кім өзінің бойында барды капитал тіліне айналдыра алады, соның сөзі - сөз. Өзі - өтімді тауар. Әрине, менің осы пікірім үшін сіздер мені аямайтындарыңызды білемін. Бірақ, мен мұны Қарл Маркс жазған капиталдың заңдылықтарына сүйеніп айтып отырмын. Мен осыны қалайын, қаламайын, нарықтың қарапайым заңдары менен де, сізден де ештеңені сұрамайды. Кешегі тарихың да керек емес оған. Әдебиет - тауар ол үшін. Бұл дөңгелек бізге дейін де осы механизммен айналған. Солай айналдырады бізді әлі. Қалай бұлқынсақ та біз нарық заңдармен өмір сүруге мәжбүр боламыз.Ал, нарық заңдарын кім жақсы меңгерді, сол алдымызда жүретін болады. Ал, бұл - факт!»-дейді автор.



Әріптесінің сөзін құптаған Махамбет Ерғали бұл жолы да Жазушылар одағын біраз сынға алды.

«Иә, бұл ұсынысты мен жаздым. Жазушылар одағының бүгінгі мүшкіл халіне жаным ашитыны рас. Мысалы қараңызшы. Бұл ақпарат тарағалы неше күн болды. Одақ не иә, не жоқ деген емес. Не бір ұстанымын, не позициясын білдірмеді. Одақ бар ма өзі, жоқ па? Бар болса ішінде айлық алып, жұмыс істеп отырған адамдар бар шығар? Құдды бір өлі үй секілді. Дауыстары шықпайды. Тек қиянкесті ұрыстар ғана естіледі. Кеше Мырзан Кенжебай деген сыншы Әкім Таразидің жағасынан алып, жерге ұрыпты. Ауыр сөздер айтты. Осындай айқай-шу ғана оқитынымыз. Одақ деген осындай өсек қана боп кетті»-деп пікір жазған.


 
 
нравится:    949
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии