20 Октябрь
09:22
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
7 қараша 09:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жұрттың бәріне тіл тигізген Трамп Twitter-ден шеттетілді
 
 
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптың кеңесшілері оған Twitter микроблогына кіруге тыйым салды. Себебі миллиардер өзінің микроблогында саяси қарсыластарын үздіксіз қаралап отырған. Оның парақшасына 13 млн адам жазылған.
 
25-қазанда The New York Times газеті Дональд Трамп Twitter-де тіл тигізген адамдардың тізімін жариялаған болатын. Ол өзінің парақшасы арқылы АҚШ-тың Республикалық және Демократиялық партияларының өкілдеріне ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарына, компаниялар мен бірқатар мемлекеттерге де тіл тигізген.  
 
Мысал үшін, Қытайды «жиіркенішті мемлекет» десе, Барак Обаманы «әлсіз әрі пайдасы жоқ» деген. Ал The Wall Street Journal газетін таблоидқа ұқсатқан.  Өзінің қарсыласы Хиллари Клинтонды 300 мәрте айыптаған.
 
нравится:    593
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии