23 Август
17:57
Астана: 28 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
15 наурыз 14:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жусан қатерлі ісікті 16 сағатта жоқ қылады

АҚШ-тың Калифорния шта­тындағы университет ғалымдары ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайы­зын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтады. 

Бұл – қазақ сахарасының кез келген дерлік жерінде жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан шөбі. Атам қазақ ертеден қастер тұтқан, алыс сапарларға шыққанда ұдайы жанында бір бумасын алып жүрген өскіннің осындай құдіреті бар болып шықты.
Америка ғалымдары жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін айтып отыр. Мысалы, оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын ғана жойып жібере алады. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік ракты толық құртып жі­береді.
– Тұтастай алғанда, зерттеу нәти­желері артемизинин препара­тының рак жасуша­ларының қарқынмен өсуін толық бақылауда ұстай алатынын көрсетіп берді, – деді зерттеу авторлары.
Ал Sanofi фармацевтік компаниясы осыдан бастап жылына 50-60 тонна артемизинин өндіріп тұратынын мәлімдеді.
Дәрі жасау өндірісінде бұрын осынау қышқылтым өсімдіктің сабағы мен жапырағы безгектен емдеудің өте күшті құралы ретінде пайдаланылып келген екен.
Еске сала кетейік, жақында АҚШ ғалымдары рак ауруларымен күресте революциялық деңгейдегі терапия табылып отыр­ғанын жариялаған болатын. Оның жусанмен қатысты екені енді ғана айтылып отыр. 

​Baq.kz
нравится:    64603
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Лаура2016-03-15 23:05:34
    Отлично
  • Султан2016-03-17 17:58:45
    Америка галымдары емес, буны карагандылык Сергазы Адекенов неше жыл бурын зерттеп айткан, даринин бастапкы атауы "Арглабин" болатын
  • Есенбек2016-03-17 20:48:20
    мынауын керемет екен
  • ккк2016-03-20 21:46:32
    Оны кайдан калай алса болады?
  • 3182016-03-20 21:49:10
    Кайдан алса болады?
  • Айгуль2016-03-20 22:48:00
    шынымен комектесе ме?
  • Камаш2016-03-22 21:18:41
    Ракты жусанмен емдеуді қазақ Серғазы Əдікенов əлдеқашан анықтаған Арглабин деген дəрі жасап өндіріске енгізген, бірақ неге екенін білмеймін осы дəрі қолжетімді емес сияқты, Ракпен ауырғандардың пайдаландық дегенін естімей жүрмін
  • Гули2016-03-28 09:07:48
    Жусаннан қалай ракке қарсы тұнба жасауға болады?
  • 13132016-04-02 21:22:25
    Шында керемет ал енді қайдан аламыз анашыма керек еді
  • Талгат2016-06-19 19:41:00
    Қостанай облысы, Торғай төсі жусаң аңқып тұрады, сол өңірден ала аласыздар.
  • Алма2016-06-19 21:03:49
    Жусан шөбі біздің жерімізде көөп тек оны калай пайдаланады екен. Əлде дəріханада бола ма? Біз Атырау обылысында тұрамыз.
  • Бердонгар2016-06-20 17:46:15
    Қалай пайдаланады жусанды айтыңыздаршы
  • Қажы2016-06-21 22:22:16
    Аптекада тұр ғой 200-250 тг.
  • Тимур2016-09-17 10:06:37
    ОКО да Дермене ауылында жерде толып осип тур.
  • Бал2016-09-19 09:58:54
    Баска кандай аурударга комеги бар екен жусаннын ?
  • Бек2016-09-21 15:10:37
    Қалай керектенеді
  • Жанболат2016-09-24 22:24:00
    Мен қайнатып ішеді деп естіген едім
  • Баха2016-11-01 22:29:33
    Жусанмен сонда не істеу керек ?қалай емге қолданамыз?айтыңыздаршы ағайындар қажет болып т тұр
  • Гулнар2016-11-02 13:10:55
    жамбыл обл - жусан толы дала,үй алдын даланы əлі осы жусанмен сы пырады
  • кобейгир2016-11-03 01:14:07
    Осынын барин казак атамыз баягы заманнан пайдаланган, бирак адетимиз бар гой казактан не дурыс зат шыгады дейсин дейтин, мен бир кездери осылай казакстаннан шыгарган озимиздики деп керемет шоп дарилерди айтканымда сондай создер естип кызыл кенирдек болып далелдеуши едим, ал оз балаларым мен озим пайдасын кордим оте унады. Билесиздерме мал багып журип байкасаныздар жеген шоптеринин бари тамак ари ем олар жегенде олмейди гой демек сонын бари азык ари ем.олар жусанды жаксы жейди демек ишек-карыны да пайдалы жусанга жайылган малдын. Аттен оз жермиздин касиетине жетик емеспиз ау агайын, жер анамыз Алламнын сыйы гой казакка.