|    |  
14 желтоқсан 2018
22:00
қаз
Жүзім көру қабілетін жақсартады
27 маусым, 16:58 839

Жүзімнің құрамында денсаулық үшін пайдалы антиоксиданттар мол, ол көздің ішкі тор қабығының денсаулығын сақтауға көмектеседі. Майами университеті ғалымдарының анықтауынша, бұл жемісті үнемі жеу көру қабілетінің нашарлауы мен соқырлық қаупін айтарлықтай азайтады.

Ата-аналары сәбіздің көру қабілеті үшін өте пайдалы деп санап, балаларына жегізген. Алайда, Америка ғалымдары балалардың көру қабілетін қорғау үшін одан да дәмді әрі пайдалы өнімдер бар екенін анықтады. Олардың бірі егде жаста көру қабілетінен айырылу және соқырлық қаупін айтарлықтай азайтатын - осы жүзім.

Майами университетінің ғалымдары жүзімді үнемі жеу ағзада еркін радикалдар деп аталатын зиянды молекулалар көздің ішкі тор қабығына кіруіне жол бермейтіндігін анықтады. Антиоксиданттарға мол жидектер сау жасушаларды ДНК зақымдануынан қорғайды.
Теги: Денсаулық


Жаңалықтар