23 Октябрь
19:39
Астана: 8 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
19 тамыз 09:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жүзін қан жуған жеткіншек жаһан жұртының жағасын ұстатты (ВИДЕО)

 
Алеппо қаласына жасалған әуе соққылары кезінде құтқарылған баланың суреті әлеуметтік желілерді шарлап кетті. Жүзін қан жуған жеткіншекті көрген жаһан жұрты жағасын ұстады.
Дәрігерлердің дерегінше, баланың есімі Омран Дакниш, 5 жаста. Басынан жарақат алған. Бірақ миына зақым келмегендіктен, дәрігерлер оны көп ұзамай ауруханадан шығарған. Ал отбасының өзге мүшелері жайында ақпарат жоқ.



Сирияның Ресейдің әуе күштеріне сүйенген үкімет әскері қазір Алеппоның көтерілісшілер ұстап отырған аудандарын босатуда. Құрбандар саны азаяр емес. Алеппоның оппозициялық баспасөз орталығы бұл баланың суреті көтерілісшілер ұстап отырған Катерджи ауданында түсірілген жеткізді. Аталған ауданда сәрсенбі күнгі әуе соққысынан 4 адам қаза тауып, 12-сі жарақаттанған.  
Сирияның оппозициялық ұлттық кеңесінің мүшесі Адиб Шишали: «Бұл баланың қан жуған жүзі Алеппода орын алып жатқан сұмдық апаттың салдарын көрсетеді»-деп жазған.
 
Дереккөз: ВВС
нравится:    1130
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии