21 Август
12:27
Астана: 23 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
14 мамыр 09:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жылан үйге кіріп кеткен
Мамыр айы басталғалы Шымкенттегі тұрғын үйлерге жыландар кіріп жатыр. Түсі суық жәндіктен зәресі ұшқан тұрғындар амалсыз құтқару қызметіне жүгініп, көмек сұрауға мәжбүр болған.


Нұралы Әбеновтің Шымкенттегі құтқару қызметінде жүргеніне 11 жылдан асқан. Адамдарды әртүрлі жағдайдағы қиындықтардан құтқара жүріп, өзінің өміріне қауіп төнген сәттер де жиі кездесіпті.

Әсіресе, тұрғындарды үйлеріне кіріп кеткен жыландардан құтқару барысында улы жәндіктің өзін екі мәрте шағып алғанын айтады. Көктем айларындағы жыландардың көбейгенін жұптасу кезеңімен байланыстырады.

“Сәуір-мамыр айларында жыландардың қосылу-жақындасуы дейміз ғой, жұптасуы өтеді. Олар қазір өте ашулы. Ызалы. Бір-бірін қорғап, айбат шегуге өте дайын”, – дейді Шымкент қалалық құтқару қызметінің құтқарушысы Нұралы Әбенов.

Үйіне жылан кіріп кеткен жағдайда ағарған құйып, ұн сеуіп жататын тұрғындардың әрекеті дұрыс емес дейді мамандар. Қандай-да бір артық қозғалысты өзіне келген қауіп деп қабылдайтын жәндікті еш үркітпестен, дереу құтқару қызметін шақыртқан дұрыс дейді.

“Құтқарушылар келгенше қай жаққа кетті, орнынан жылжыды ма, ауысты ма, ауыспады ма, соны бақылап, келгенде көрсетсеңіздер, біз жыланды құралдармен ұстап, алып кетеміз. Сіздерге көмек көрсетеміз”, – дейді құтқарушы,

Шымкентте былтырғы жылы тұрғындардан жыланға қатысты 85 шақырту келіп түскен. Оның бірінде жылан теміржол вокзалының жолаушылар отыратын бөлмесіне кірген.

Биылғы көктемнің өзінде мұндай жағдайдың саны онға жетіпті. Ұсталған жыландарды құтқару қызметі қалалық хайуанаттар бағына өткізеді екен.

Дереккөзі: 31 арна
нравится:    969
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии