|    |  
16 қазан 2019
21:58
қаз
Жылдам әрі оңай дайындалатын кекс
29 мамыр 2017, 15:40 245

Керекті ингредиенттер:

- 2 жұмыртқа; - 1 стақан қант;  - 140 мл қаймақ;  - 100 грамм кілегей майы;  - 0,5 шай қасық сірке су мен сода қоспасы; - 300 грамм ұн; - қойылтылған сүт керек.

Дайындау әдісі:

1. Миксермен 3-4 минут жұмыртқа мен қантты араластырып, одан кейін қаймақ пен майды қосыңыз. Тағы да 2 минут араластырып, сода мен ұнды қосыңыз. Содан соң жақсылап араластырыңыз.

2. Кексті пісіретін ыдысқа алдымен май  жағып алып, содан соң қамырды салыңыз. Әр кекстің ортасына бір шай қасық қойылтылған сүт салыңыз.

3. Бәрін дайындап болған соң 10 минутқа пешке қойыңыз.

Астарыңыз дәмді болсын! 

 


Жаңалықтар