21 Август
16:03
Астана: 24 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
27 мамыр 12:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жылжымалы мешіт пайда болуы мүмкін (фото)

Жақын күндері Қазан қаласында бірінше рет Мобилді мешіт немесе жылжымалы мешіт жобасы іске қосылады. Яғни, арнайы жылжып отыратын мешіт-көлік.

Мобилді мешіттің жобасы жан-жақсы қаралып,  бірнеше өзгерістер енгізілген. Яғни, машинаның тіркемесіне автобус тіркеледі. Бұл парковка жасау кезінде қиындық тудырмайды. Сондай-ақ, қалаған жерге жылжи алады. Намаз оқығысы келетін бірнеше адамды сиғыза мүмкіндік бар.

Мобилді мешіт жобасын жүзеге асыруға Ресейдегі барлық мұсылман жамағаты атсалысқан. Оған барлығы 851 мың рубль жиналған.

Автобус қазіргі кезде Қазан қаласында қайта жабдықталуда. Автобустың қайда келе жатқанын және қай жерде болатынын мұсылмандар смарт-навигатор арқылы біліп отырады.

Бұған дейін Ресей астанасы Мәскеуде де осындай жылжымалы мешіт жасау туралы ұсыныстар көтерілген. Себебі, астанада жұма намазы кезінде мұсылмандарға құлшылық ететін орын жетіспейді. Осыны шешу үшін мәскеулік мұсылмандар 2015 жылдың ақпан айында «мобилді мешіт» жобасын іске асыруды бастама етіп көтерген болатын. Олардың айтуынша, жаңадан жер алып, мешіт соққанға ұзақ уақыт кетеді. Әрі тиісті қаражаттың табылуы да қиын. Сондықтан, жаңбырлы күндері мешіттің сыртында немесе көшеде намаз оқығаннан гөрі арнайы жылжымалы мешіт-көлігінде құлшылық еткен тиімді. Қалаған жерге тапсырыс беріп шақыруға да ыңғайлы.

Дегенмен, мәскеулік мүфти Ильдар Аляутдинов бұл жобаға қатты ықылас танытпады. Оның ойынша, жоба өте қызықты әрі керемет, бірақ, көлікте оқылған намаз мешіттің атмосферасын бере алмайды.
нравится:    854
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии