23 Август
17:58
Астана: 28 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Туризм
10 ақпан 12:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Зика індеті халықаралық туризмге қатер төндіріп тұр (ВИДЕО)


Оңтүстік Америкада дендеп бара жатқан Зика вирусы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиаданың ұйымдастырушыларын алаңдатып отыр. Әзірге қатерлі дерттің алдын алып, оның таралуын барынша азайтудан басқа қолдан келер дәрмен жоқ, дейді бразилиялық ақхалаттылар.

Жаһанды жалмаған Зика вирусы әсіресе жүкті әйелдер үшін қауіпті. Сол себепті ел үкіметі болашақ аналардан әзірге елге келмеуді өтінді.

Дегенмен «Рио-2016» ұйымдастырушылық комитеті «ойын қатысушылары денсаулығына алаңдамаса да болады» деп сендіріп отыр.

Олимпиаданың медициналық қызмет басшысы Жуан Гранжейрудың айтуынша, Олимпиаданың өту мерзімі жаңбыр маусымымен тұспа-тұс келмейді. Сол себепті бұл уақытта вирусты жұқтыру қаупі жоғары емес.

Әуе компаниялары Зика індеті өршіп тұрған елдерге билет сатып алған жүкті әйелдерге ақшаны қайтарып беруді немесе рейс күнін өзгертуді ұсынып отыр. Әйтсе де бір ай ішінде 1,5 млн тұрғыны вирус жұқтырған Бразилияға ағылған туристер саны азаяр емес.

«Жаңалықтардан естіп-көріп жатқанымыз бізді біраз үрейлендіргені анық. Алайда халыққа бұл да тосқауыл болмай отыр. Не дегенмен, Бразилия әдемі ел ғой», - дейді британдық турист Питер Видал. 




Дереккөзі: euronews.com
нравится:    624
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии