11 Декабрь
07:47
Астана: -13 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Әлем жаңалықтары
25 желтоқсан 09:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Зимбабве президентінің әйелі ел басқару тізгінін қолға алды
24-12-15-zimbabve-1

Зимбабвенің «Демократиялық өзгерістер» оппозициялық партиясының басшысы Морган Цвангираи елдің 91 жастағы президенті Роберт Мугабенің әйелі іс жүзінде мемлекет тізгінін қолға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы «Вести. Ru» хабарлады.

Оның айтуынша, Грейс Мугабе «сарай төңкерісінен» кейін мемлекет басшысының функциясын атқарып келеді, ал үкімет жарымжан болып қалған. «Үкіметте ешкім де ұлттық проблемалар жайында бас қатырып жатқан жоқ, себебі, олардың бәрі мемлекетті басқарудан шаршаған адамның орнына кімнің келетінін білмей дал», – деп мәлімдеді ол.

Британияның Guardian басылымының мәліметінше, соңғы кездері Зимбабве президентінің жұбайы елдің саяси өміріндегі ықпалды тұлға бола бастаған. Осылайша ол өткен жылғы желтоқсан айында «Зимбабвенің африкалық ұлттық одағы – патриоттық майдан» басқарушы партиясында жетекші лауазымдардың біріне қол жеткізген.

Бірақ өзінің саяси ықпалы күрт артқанына қарамастан, Грейс Мугабе әзірге елдегі қарапайым халық арасында жоғары беделге ие бола алмай отыр. Бұған ең алдымен оның ел қиын экономикалық ахуалды бастан кешіп жатқан кезде қымбат заттар сатып алу үшін шетелдерге жиі сапарға шығып тұратыны әсер ететін сияқты.

Бүгінде Роберт Мугабе әлемдегі ең қарт мемлекет басқарушысы болып отыр. Алайда, жасының ұлғайғанына қарамастан, ол мемлекет билігінен кеткісі жоқ. Биылғы желтоқсанда ол тағы да басқарушы партияның жетекшісі орынтағына сайланды. Сонымен қатар 2018 жылы өтетін кезекті президент сайлауына да үміткерлер қатарында тұр. Ал сол жылы оның жасы 94-ке келеді.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    651
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии