22 Август
22:46
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Мәдениет
28 шілде 14:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Əзірет Сұлтан» қызметкерлері «Жылаған ата кереметі» тақырыбында танымдық экскурсияға барып қайтты (ФОТО)


«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің қызметкерлері «Жылаған ата кереметі» тақырыбында танымдық экскурсияға барып қайтты, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің құрамындағы діни-рухани ескерткіштердің бірегейі Жылаған ата Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай Қаратау бөктерінің жартасты шатқалында орналасқан.

Қарашық, Жүйнек, Қарнақ, Шерт (Серт) елді мекендері арқылы баратын жолмен Әулиеге жету оңай емес. Үкаша атадан әрі қарай Қаратау арасымен бірнеше шақырым көлікпен жеткен соң шың-құз арасындағы соқпақпен тағы да үш шақырым жерді жаяу жүруге тура келеді. Музей қызметкерлерімен бірге сапарлас болып өлкетанушы Түркістан қаласының құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз Тұрғанбай Салғараев ағамыз барып, Жылаған ата жайлы көптеген аңыз әңгімелерімен бөлісті.

Түрлі деректер талқыланып, пікір алмасулар болды. Жылаған ата орналасқан жерінің әсем табиғатымен саф таза ауасы өте керемет, жолдың қиындығынан әзірге келушілер легі көбейе қоймаған, болашақта жолдың ыңғайы дұрысталып тек Қазақстаннан емес басқа да елдерден келуші туристер саны артатынына нық сенімдеміз.

Сапар соңында музей қызметкерлері өз ризашылықтарын білдіріп, ғажап кереметтілікті барынша көріп, тамаша рухани демалысты сезініп, Түркістанға қарай кері қайтты.












 
нравится:    1035
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии