20 Август
04:34
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
26 сәуір 09:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Златан Ибрагимович Қытай командасында 75 млн еуроға ойнаудан бас тартты


Француздық ПСЖ шабуылшысы Златан Ибрагимович қытайлық клубпен  жалақысы 75 миллион еуроны құрайтын келісімшартқа қол қоюдан бас тартты. Бұл туралы 25 сәуірде Le 10 Sport хабарлады.
Басылым ақпаратында 34 жастағы Швеция құрамасының шабуылшысы жалақысы жылына 100 миллион еуроны құраған жағдайда ғана Қытайға көшуге дайын екенін айтты. Спортшыға 70 миллион еуро ұсынған клуб аталмай отыр.
23 наурызда Қытай үкіметі Ибрагимовичке құны 75 миллион еуро болатын келісімшартты ұсынатыны жайлы хабарланған болатын. Швециялық ойыншы Қытай ұлттық футбол лигасының бетке ұстары болып, жергілікті клубтардың бірінде ойнайтыны болжанды.  
Ибрагимовичтің ПСЖ-мен келісімшартының мерзімі 2016 жылдың жазында аяқталады.  Ағымдағы маусымда ол  париждік клуб құрамында 27 ойында 32 гол соқты. 13 наурызда бұл құрама мерзімінен бұрын Франция чемпионы атанды.  Ал 24 сәуірде Франция лигасының Кубогын жеңіп алды.  
 
нравится:    682
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии