|    |  
17 ақпан 2020
08:42
қаз
​Зодиак белгілері: Сіздің ең қатты көрінетін эмоцияңыз
21 қыркүйек 2018, 17:33 74

 
 
Тоқты – ашу
Тоқтылар ашуға жиі бой алдырады. Сізге ұстамдылық жетпейді.
 
Торпақ – жиіркену
 
Сіз айналаңыздағы адамдар мен заттарға ерекше көзқараспен қарайсыз. Талғампазсыз. Өзіңізге ұнамайтын нәрседен жиіркенесіз. Және оны жасыра алмайсыз.
 
Егіздер – қуаныш
 
Сіз адамдардың көңілін көтеруді жақсы білесіз. Өз өміріңізге кірген адамдарды таңғалдырасыз. 
 
Шаян – іш пысу
 
Сіз жалғыздықты ұнатасыз. Сізге тыныштық ұнайды. Сол себепті де жиі ішіңіз пысып, ойыңызды сағыныш билейді.
 
Арыстан – тәкаппарлық
 
Сіз өзіңізге сенімдісіз. Өзіңіздің көшбасшылық қабілетіңізбен, талантыңызбен мақтанасыз. Сондықтан да тәкаппарсыз.
 
Бикеш – мақсатшылдық
 
Сіздің әлеміңізде әр нәрсенің орыны бар. Мақсатшылсыз. Ұйымдастыру және шешім қабылдау қабілетіңіз өзе жоғары.
 
Таразы - шаршау
 
Уақыт өткен сайын сіздің ортаңыз бен белсенділігіңіз шаршатуы мүмкін. Сол себепті кейде сізге жеке кеңістік қажет.
 
Сарышаян – шабыт
 
Сіз бұл өмір мен әлемді жақсы көресіз. Кейде олар сізді тығырыққа тірейтін сияқты. Нәтижесінде позитивті сәттер сізге шабыт береді. 
 
Мерген – біліксіздік
 
Өзіңіздің біліксіздігіңізді сезесіз. Кейде өзіңізге білім жетпейтіндей көрінеді. Бірақ бұл эмоцияны юморға айналдырып жібере аласыз.
 
Тауешкі – Мотивация
 
Байлық пен табыс сізге үнемі мотивация береді. Үнемі бәріне үлгергіңіз келіп тұрады. Биікке шығу үшін бәрін жасайсыз.
 
Суқұйғыш – ызалану
 
Интеллектіңіз жоғары болғандықтан деңгейі төмен адамдардың істері мен сөздері ызаңызға тиеді. Ақымақтыққа жылдам ашуланасыз.
 
Балықтар – мойынұсыну
 
Сіз арманшылсыз. Сіздің ғаламмен терең байланысыңыз бар. Сіз оның энергиясын ақылыңызды тыныштандыру үшін пайдаланасыз. Әлемге сезімталсыз. Ол сізді шабыттандырады.
 
Дереккөз: ​Flytothesky.ru


Жаңалықтар