|    |  
23 қаңтар 2020
21:55
қаз
Зодиак белгілері: Сіздің жүрегіңіз қандай?
17 қыркүйек 2018, 11:25 72

 
1. Тоқты. Сіздің жүрегіңіз қатып қалған. Оны бірнеше мәрте жаралағаннан кейін өмірге деген көзқарасыңыз өзгеріп, романтикаға сенбейтін болғансыз. Сол себепті де жеке кеңістігіңізге ешкім оңайлықпен кіре алмайтындай қамал тұрғызып алғансыз.

2. Торпақ. Сіз үнемі артқа қарай бересіз. Өткен өміріңіздегі адамды ұмыта алмайсыз. Және сол сезім сіздің алға жүруіңізге кедергі жасайды. Өйткені өткенді қайтарғыңыз келеді.

3. Егіздер. Сіздің жүрегіңіз мұңды. Өткен өміріңіздегі өкініштерді ұмыта алмайсыз. Сізге қайта сүюді үйрену қиын.

4. Шаян. Сіздің жүрегіңіз жұмсақ. Сіз сезімталсыз. Сізге жылай салу қиын емес. Эмоцияңызды көрсете аласыз. Бетперде кимейсіз.

5. Арыстан. Сіз жүрегіңізді қорғайсыз. Үнемі өзіңізде бәрін жақсы етіп көрсеткіңіз келеді. Тәуелсіз екеніңізді көрсетіңіз келеді. Себебі өзіңізге махаббат керек екенін мойындағыңыз келмейді.  

6. Бикеш. Сіздің жүрегіңіз сақ. Сіз адамның қандай екенін білмей жатып қарым-қатынас орнатпайсыз. Ақырын жүріп, анық басасыз. Маңайыңыздағы адамдарды көп бақылайсыз.

7. Таразы. Сіз бір адамды ұнатып қалсаңыз, содан бас тартпайсыз. Мәңгілік махаббатқа сенесіз.

8. Сарышаян. Сіздің жүрегіңіз жұмсақ, бірақ оны жасырасыз. Жұртқа күліп жүргеніңізбен, бірден ешкімге сенбейсіз.  Адамдарға құрметпен қарағандықтан да сізді көпшілік сыйлайды.

9. Мерген. Сіздің жүрегіңіз жаралы. Арқаңызда жүк бар. Өмірге қатысты күмәніңіз бен ойларыңыз көп. Күйіп қалғаннан кейін қайта сүюге қорқасыз.

10. Тауешкі. Сіздің жүрегіңіз мұздай. Өз әлеміңізге адамдарды сирек кіргізесіз. Достасатын адамдарыңызды мұқият таңдайсыз.
11. Суқұйғыш. Үлкен жүректі адамсыз. Сіз жақсылықты ойланбай жасайсыз. Бұл әлем сізге мұқтаж.

12. Балықтар. Сіздің жүрегіңіз мықты. Нені болса көтере алатын жүрегіңіз бар. Ұзақ жылдар бойы дертті болған. Бірақ сіз оған төтеп бере алатын адамсыз.

Дереккөз: flytothesky.ru


Жаңалықтар