|    |  
24 мамыр 2019
09:59
​2016 жылы Египеттегі қазақстандық туристердің саны 80-100 мыңға жетеді
23 мамыр 2016, 12:34 8


2016 жылы Египеттегі қазақстандық туристердің саны 80-100 мыңға жетеді деп болжануда. Бұл туралы Египеттің туризм жөніндегі кеңесшісі Ахмед Эльгенди мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

“Биыл 2012-2014 жылдармен салыстырғанда Египетке келетін туристер саны 50-60%-ға артады деп ойлаймыз” – деді ол.

А.Эльгендидің сөзінше, мемлекетке келетін туристердің санын артыру мақсатында Египет пен Қазақстанның ынтымақтастығы аясында әуе рейстерін көбейту жоспарланып отыр.

“Жыл соңына дейін екі ел арасындағы әуе рейстерінің көлемін артырып Шарм-эль-Шейхтан бөлек қалаларға әуе хабарламаларын қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Египет тарапы туристердің қызығушылығын арттыру үшін қазақстандық турфирмаларға қолдау көрсетеді”, – деді А.Эльгенди.

Айта кетейік, 20 мамырда Египеттің туризм Әкімшілігі мен қонақүйлер Ассоциациясы Алматыға ресми іс-сапармен келіп, екі ел арасында екі жақты меморандумға қол қойылған болатын.
Все новости