|    |  
14 қазан 2019
11:07
21-қабаттан құлаған киім ілгіш 6 жасар баланың басына қадалып қалды
21 маусым 2017, 17:52 52



Қытайдың оңтүстік-батыс бөлігіндегі Чунцин қаласында 6 жасар Сяо Цзе әжесімен бірге үйге қайтып келе жатып, жолды қысқарту мақсатында тұрғынүй ауданы арқылы кесіп өтпек болған. Кенеттен жоғарыдан құлаған үлкен киім ілгіш оның бас сүйегін тесіп, көлденеңінен қадалып қалады.  

Куәгерлердің айтуынша, металл киім ілгішті 21-қабатта тұратын отбасы мүшелері төмен лақтырған көрінеді, алайда пәтер иелері олардың барлық айыптауларын жоққа шығарып отыр. Алайда, дәл осыған ұқсас киім ілгіштер олардың үйіндегі шкафтан табылған, деп хабарлайды The Sun.

Жасөспірім шұғыл балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер үш сағатқа созылған операциядан кейін оның басына қадалған киім ілгішті алып тастаған. Олардың айтуынша киім ілгіш баланың басына шамамен 2 дюймге жуық тереңдікке тесіп кірген.

Оқиға болған жерде куәгерлер түсірген видеодан баланың әжесі оның басына қадалған металл затты өз қолымен алып тастауға әрекеттенген сәті бейнеленген. Алайда, жиналған жұрт оны бұл райынан қайтаруға тырысып, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге үгіттей бастайды, қан ағуы тоқтамай қалуы мүмкін екенін ескертеді.


Дереккөзі: https://life.ru
Все новости