|    |  
17 ақпан 2020
08:17
250 адамның мәйіті көмілген мазар табылды
27 қаңтар 2020, 15:24 295
Оңтүстік Кореяда 250 адамның мәйіті көмілген мазар табылды. Бұл 1980 жылы үкіметке қарсы шығып, кейін із-түссіз жоғалып кеткендердің мәйіттері болуы мүмкін.



Кванджу қаласындағы бұрынғы түрменің аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде адам қалдықтары табылған. Криминалистер бұл жерде кемі 250 адамның мәйіті жатқанын айтуда.
 
1980 жылғы наразылық кезінде көптеген азаматтар осы түрмеге жабылған болатын. Ереуілге шыққандар күшпен басып-жаншылған. Бұл адамдар үкіметтің бұйрығы бойынша жасырын түрде өлтіріліп, абақты аумағында көмілген болуы мүмкін.
 
Енді бір нұсқа бойынша бұл қалдықтар түрмеде отырғанда қаза тапқан, бірақ туған-туыстары мәйітін алып кетуден бас тартқан адамдардікі дейді.

Дереккөз: Life
Все новости