|    |  
24 қазан 2019
06:55
"36 тәсіл" дегенді естіп пе едіңіз?
01 ақпан 2019, 15:26 31

Қазіргі жағдайға байланысты жаудың мысын басу дегеніміз ақпараттық соғыс жасау. Ал өткен ғасырда бұл үрдіс қандай жағдайда орын алды?

Жаудың жүрегін алу үшін жауынгерлер қандай құралдар пайдаланған?

«Өлім ысқырығы» (Ацтеки)

«Өлім ысқырығы» деп аталатын құралды ежелгі дәуірде жауынгерлер жауын қорқыту үшін пайдаланған. Онда мыңдаған адамның жан қиналысы естілетін дыбыстар болған. Археологтар ацтеки құралын жауға псхологиялық шабуыл ретінде пайдаланып отырған деп санайды.

36 тәсіл (Қытай)

«36 тәсіл» трактаты ежелгі қазбаларды іздеу кезінде қарапайым қарт адамның үйінен табылған. Ең қызығы бұл трактаттың Қытай әскері үшін 3 мың жылдық тарихы болған. «36 тәсілі» бойынша қытайдың ежелгі әскері өте көп түрлі әдістерді жауына қарсы пайдаланған. Тәсілдердің бәрі белгілі бір математикалық бірлік пен алгоритмдерге негізделіп жасалған.

Қасиетті жануарлар (Парсы)

Біздің дәуірімізге дейінгі 525 жылы Мысыр құлайтын кезінде парсылармен соғысады. Олардың жеңісіл жайлы Геродот өз еңбегінде былай деп береді: «парсылардың қулығы сондай, оларың Мысыр үшін ең қасиетті саналатын мысықтың суретін қалқандарына салған. Одан қала берді өлген мысықтың денесін қамалға қарай лақтырған. Ал бұл тәсіл мысыр сарбаздарына жасалған психологиялық шабуыл еді».

Террор тактикасы (Әмір Темір)

Әмір Темірдің «террор тактикасы» халықтың басып ұстау және еркіндіктен айыруға негізделген. Дели қаласын жаулап алған кезде осы әдісті қолданып, халықтың қандай жағдай болмасын санын қысқартуға жеткізген.

Соғыс арбалары (Мысыр)

Алғаш арбалар Мысырда бізге дейінгі XV ғасырда пайда болды. Тутмоса ІІІ сарбаздары үш мыңға жуық әскери арбаны пайдаланған. Аталған арбаның жауға қарсы үрей тудыратын ерекшелігі болған. Арбаның дөңгелектерінің сыртында өткір қылыштың жүзі секілді темір-терсектер байланған. Бұл жаудың ортасына атойлап кіріп, олардың ыдырап кетуіне тікелей әсер ете алатын болған.
Все новости