|    |  
15 қараша 2018
13:21
​3800 метр биіктіктен секірген спортшы қаза тапты (ФОТО/ВИДЕО)
04 қазан, 15:52 1447

 
Ресейлік спортшы Ратмир Нагимьянов 3800 метр биіктіктен парашютпен секірген. Бірақ парашюті ашылмай қалып үш қабатты ғимаратқа құлаған. Оқиға Шамони шипажайының аумағында орын алған. Спортшы Эгюий-дю-Миди тауынан секірген.
 


Ратмирдің келіншегі болса оның қаза тапқанын растаған. Ал спортшының өзі бірер күн бұрын "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасына: «Жақсы өмір іздеп Шамониға ұштым»-деп жазған.
 


Екатеринбургтің тумасы Ратмир Нагимьянов – белгілі бейсджампер. Спорттың мұндай экстремальды түрінде белгіленген объектілерден секіру үшін арнайы парашют қолданылады. Алғаш рет Ратмир 2006 жылы 115 метрлік биіктіктен секірген.
 
Дереккөз: dni.ru
Все новости