|    |  
17 қараша 2018
09:29
3D фильмдер адам денсаулығына пайдалы
25 мамыр, 09:08 828
Киноға баруды сүйетіндер 3D сеанстарында бастарының ауыратынына шағымданса да, британдық ғалымдардың зерттеулері мұндай форматтағы фильмдердің көрудің адамға ләззат сыйлап қана қоймай, пайдалы екендігін көрсетті. Нейробиологтар Патрик Фэган мен Брэндан Уокер 3D сеанстарға бару адам миының белсенділігін арттырады, деген сенімде. Олардың зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, үш өлшемді фильмдерді тамашалағаннан кейін адамдардың реакциялары 11%-ға, ал ақпаратты қорытуы қабілеті 23%-ға артқанын көрсетті. Салыстыру үшін айта кетсек, 2D фильмді тамашалағандардың нәтижелері бұдан бес есеге төмен болды.


Патрик Фэганның айтуынша, бұл зерттеулер қорытындылары 3D фильмдердің мидың қартаюын баяулататынын білдіреді.

Алайда әзірге 3D фильмдердің пайдалалығы туралы түбегейлі тұжырым жасалмағанын айта кетейік. 2011 жылы калифорниялық ғалымдар мұндай киноларға бару адамның  көру қабілетін нашарлатып, басының ауруына әкелетінін айтқан еді, деп жазады filmpro.ru.

 
Теги: Денсаулық
Все новости