|    |  
23 қаңтар 2020
21:56
9-қабатта терезенің ернеуінде ойнап жүрген бала жұртты шошытты
27 ақпан 2018, 13:03 43



Оқиға Бразилияда орын алып, видеоға түсірілген.
 
Бразилияның Гояния қаласында оқиғаның кездейсоқ куәгері үрей туғызарлық видео түсірген. Роликтен көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы жатын бөлме терезесінің ернеуіне шығып алған кішкентай баланың терезені ашып-жауып ойнап тұрған сәтін анық көруге болады. Видео авторының айтуынша, бала он минут бойы осылай тұрған. Содан кейін балконға шыққан ер кісі оны көтеріп алып кеткен, бірақ арада көп ұзамай бала қайтадан терезе ернеуіне шығып алған. Бұл жолы баланың артынан оның кішкентай інісі ілескен.

Оқиға куәгерлері балалардың ата-аналарына ескерту үшін үйге қарай жүгірген. Алайда, оларға ешкім есік ашпаған.




Дереккөзі: ktk.kz
Все новости