|    |  
15 қыркүйек 2019
19:23
​Абай Бегейдің әнін қырғыз әншісі ұрлап алып, бейнебаян түсірген (ВИДЕО)
22 қараша 2016, 12:42 35

 
Қазақ әншілерін қырғыздардан әнді көп ұрлайды деп айыптаушы едік. Сөйтсек өзге елден ән ұрлайтын біздің әншілер ғана емес екен. Сол айыр қалпақты ағайындар да қазақ әншілерінің әнін ұрлап жүр. Қырғызстандық әнші Мирзат Дөөтқұлов Абай Бегейдің хит болған «Аспанды қараймын» әнін айна-қатесіз көшіріп алыпты.  Әрине бұл Асхатқа ұнамағаны анық. Әнін ұрлап алғанын да бірінші болып әншінің өзі айтты. Instagram-дағы парақшасына: «Қырғыз ағайындар "Асманды қараймын" . Рұқсат сұрау жоқ бірақ»-деп жазды. Бір қызығы қырғыз әншісінің бұл бейнебаяны YouTube желісіне 2015 жылдың мамырында жүктелген. 

Все новости