|    |  
27 наурыз 2019
05:45
Адамның етінен бәліш жасап сатқан адамжегіштер 211 жылға сотталды
20 желтоқсан 2018, 11:26 0


Адамның етінен бәліш жасап сатқан адамжегіштер 211 жылға сотталды.
Аталмыш жан түршігерлік оқиға Бразилия елінде орын алған екен. Өңірдегі университеттердің бірінің экс-профессоры Хорхе Бельтрао Негромонте де Сильвейра, оның жұибайы  Изабель Пирес  және ашынасы  Бруно Кристина Оливейро үшеуі сот үкімін тыңдады.
Олар 2012 жылы екі әйелді бақилық етті деген күдікпен ұсталған екен. Алайда тергеу нәтижесі жан түршігерлік ақиқаттың бетін ашқан екен.  
Кейін белгілі болғандай үш қанішер адамдарды өлтіріп қана қоймай, олардың мәйітін азық еткен екен. Оқиғаның бірінде үшеуі бір жарым жасар сәбидің көзінше оның анасын өлтіріп, балаға анасының етінен тамақ жасап берген екен. 
Оқиға соңында сот үкімімен Хорхе Бельтрао Негромонте де Сильвейра 71 жылға, Изабель Пирес 71,5 жылға және  Бруно Кристина Оливейро 68 жылға бас бостандығынан айырылған. 
Все новости