|    |  
12 желтоқсан 2018
23:53
Әдемілікті және күтімді сақтай отырып, косметикада қалай үнем жасауға болады?
14 қараша, 15:16 111
Әдемі болу үшін міндетті түрде қымбат косметиканы пайдалану қажет емес. Келесі кеңестер әрдайым қолыңызда бар заттармен де өзіңізге күтім жасап, әдемілікті сақтауыңызға көмектеседі:



1. Шаштың ұштанған жерлеріне кокос майы жақсы көмектеседі. Тіпті зақымданған шашты да ретке келтіре алады. Кокос майы құрамында протеиндер бар, сондықтан оны кәсіби шашқа және бас терісіне арналған маска ретінде де пайдалануға болады. Күнделікті пайдалану ұштанған шашты жояды.

2. Ыстық күндері термалды судың орнына су немесе минералды су қосылған пульверизатор қолдануға әбден болады. Бұған  теңіз тұзын қоссаңыз, теңіз жағасында демалғандай әсер аласыз.

3. Шаш электрленбеуі үшін дымқыл майлық көмектесе алады. Сұйықтық электрленуді басады, бар болғаны шашты майлықпен бір сүртіп алу керек.

4. Егер күн астында көп жүріп қалып, бетіңіз күйіп кетсе, қаймақ немесе йогурт көмектеседі. Ашымал өнімдер тыныштандыруды басатын қабілетке ие. Шашқа арналған құралмен күйіп қалған шашыңызға йогурт жақсы көмектесе алады.

5. Алма сірке қышқылы бет терісінен майлы жылтырды алуға көмектеседі. Бұл өнімнің кішкене бөлігін мақтаға құйып, майлы жерді сүртіңіз. Егер лосьон не тоник бітіп жатса, таптырмас дүние.

6. Зәйтүн майы – құрамында пайдалы элементтер молынан ұшырасатын өнім. Оны жуыну құралы ретінде де пайдалануға болады екен. Макияждан кейінгі косметика міндетті түрде май негізінде жасалатыны анық, өйткені май косметиканы жақсы кетіреді. Ал зәйтүн майын қосып жуыну тек бетті ғана тазартып қоймай, оны үлбір етеді.

7. Көк шай қалташалары көз ісінулер мен көз астындағы қара дақтардан арылтады. Шай құрамындағы кофеин ісікті басады. Қалташаларды жылы суға салып алып, артынша іскен жерге басып, 10 минут ұстаған абзал.

8. Тістің сарғайғанын кетірудің ескі әдісі. Тісті ас содасы мен тіс пастасы қосылған қоспамен тазалау керек.

9. Сұлы жармасын таңғы асқа жеу  пайдалы ғана емес, кешкісін ваннаға қосқан да пайдалы. Денені жақсы ылғалдандырып, оның құрамындағы қант теріде ылғалдың сақталуына көмектеседі. Мұндай процедураның мәзірі де аса қиын емес: жылы суы бар ваннаға шамамен 300 грамм сұлы жармасы қосылады.

10. Вазелинге де қолданыс табуға болады. Иіс суыңыздың иісі күні бойы сақталсын десеңіз бірінші теріңізге вазелин жағып, артынша әтір шашыңыз. Майлы құрам иістің жақсы сақталуына көмектеседі.
Үй косметикасы – құрамында химиялық қосындылар болмағаннан кейін әрине оңды. Оның табиғилығына да еш шек келтірмейсіз. Мұндай косметикалар тек қана пайда әкеліп, табиғи әдемілігіңізді сақтап қалуға көмектеседі.

Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com
Все новости