|    |  
21 қараша 2018
17:06
Әділбек Ниязымбетов елге оралған соң үйленетінін айтып, сүйінші сұрады
22 тамыз, 12:28 781

Бокстан Лондон және Рио Олимпиадаларының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов елге оралған соң үйленбекші.Бұл туралы боксшы "Рио төрінде" бағдарламасында мәлімдеді.

Финалдағы жеңілісінің себебін түсіндіріп, екінші Олимпиадасында күміс алғанына өкінген спортшы елге келген соң үйленетінін де айтып қалды.
"Әрине, сөз байласқан сүйіктім бар. Негізі, Олимпиадаға дейін деп жоспарлағанмын. Бірақ төртжылдықтың басты додасын аяқтап алған соң үйленемін деп шештім. Міне, енді Рио ойындары аяқталды. Елге барған соң бір-екі айдың көлемінде жақсы жаңалық естіп қаларсыздар", - деді Ниязымбетов.
Әділбектің әкесі Сәбит Ниязымбетов те ұлының тезірек үйленгенін қалап сұхбат берген болатын. Ол ұлының бір басы екеу болып, немере сүйетін күнді армандап жүргенін айтқан.
Еске сала кетейік, Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының финалында кубалық Хулио Сезар ла Крустан ұтылып қалды

 
Все новости