|    |  
14 желтоқсан 2018
12:33
​Афинадағы ең көне үй мұражайға айналады
04 мамыр, 18:10 1002
Афинадағы Адриану,96 көшесінде орналасқан XVI -  XVIII ғасырлардағы  қаланың тарихын қамтыған тарихи ғимарат туристік нысанға айналады. Акрополь маңайындағы Плакада орналасқан бұл үй жақын уақытта мұражай болады.


Венизелосы-Палеологи жанұясына тиесілі Осман империясы кезіндегі жекежай келушілерге афиндықтардың бірнеше ғасыр бұрын өмірі туралы деректерді ұсынады.

Жанұяның аты шыққан адамдарының бірі Филофея Афинская  атымен танылған Ригула Венизелу болған. XVI ғасырда атадан қалған осы жекежайда өмір сүрген әулиенің жеке басына арналған көптеген деректер қойылған.Филофеяның атымен Афинаның бір ауданы мен әйелдер шіркеуі орналасқан көше аталады.

Дереккөз: Grekomania.ru
 
Все новости