|    |  
14 қараша 2018
13:49
Афины кредиторлармен 2018 жылға дейін келісімге қол жеткізді
11 тамыз, 12:23 780

Грекия үкіметі таяу үш жылға ел бюджетін қалыптастыру мәселесі бойынша өз кредиторларымен келісімге қол жеткізді.

Грекия 86 млрд. еуро (94,4 млрд доллар) қаржылай көмекке үміт артқан.

Афины келісімнің жылдам күшіне енгеніне мүдделі. Себебі қаражат 20 тамызға дейін Еуропалық орталық банкке қарыздың келесі бөлігін төлеуі үшін қажет.

Шілде соңында ел ХВҚ-ға қарызын төлей бастады.

Бұдан басқа, өткен айда грекиялық парламент екінші реформалар пакетін мақұлдады, бұл Афиныға Еуропалық одақпен 86 млрд. еуро қаржылай көмектің жаңа бағдарламасы туралы келіссөздер бастауға мүмкіндік береді.

ҚазАқпарат
Все новости