|    |  
12 желтоқсан 2019
00:25
Африкада 71 жастағы ұшқыш пен оның 1943 жылғы ұшағы табылды
28 қараша 2016, 11:57 33


1943 жылғы ұшақпен бүкіл Африканы аралап шықпақ болған 71 жастағы британдық ұшқыш осымен екінші мәрте із-түссіз жоғалып, дін аман табылды.

Морис Кирк Vintage Air Rally шарасына қатысқан. Оның қатысушылары Криттен Кейптаунға дейін кесіп өтуі тиіс болған. Команда 10 елді 35 күнде кесіп өтуі керек. Бұл кезде 37 рет қана аялдауға рұқсат берілген.

Морис Кирк Эфиопияда әуеге көтерілгеннен кейін жоғалып кеткен. Кенияға қонуы керек болған ол, аталған жерге оралмаған.
Шараны ұйымдастырушылар ұшақ моторында ауытқу болғанын, десе де ұшқыштың Piper Cub ұшағымен Оңтүстік Суданда жерге қонғанын хабарлады.

Дереккөз: http://www.bbc.com/
Все новости