|    |  
20 қазан 2019
16:10
​Ағаштан жасалған велосипедтер сатылымға шығарылды
16 мамыр 2017, 14:38 42
Беларусьта ағаш велосипедтер сатылымға шығарылды. Әрбіреуінің құны мың доллардан жоғары.



Ағаш велосипедтерді  Беларусьтың BelWoodDoors  компаниясы шығарған. Компания сайтында рамасы қайыңнан, шағаннан жасалған велосипедтерге тапсырыс беруге болатыны жазылған.



Бұл велосипедтерде ағашпен қоса болат қорытпалары қолданылады.Велосипедтің салмағы 21 келі. Өзі бір ай ішінде жасалады.



Ағаш велосипедтер Беларусьта ХХ ғасырдың басында шығарыла бастады. 1933 жылы жасалған бір үлгісі Полесья музейінде сақтаулы тұр.



Дереккөз: www.forumdaily.com
Все новости