|    |  
19 желтоқсан 2018
04:22
Ағылшын тіліндегі «th» дыбысы келешекте жойылып кетеді
03 қазан, 10:50 598

Йорк Университетінің лингвистері 2066 жылға таяу «th» дыбысының мүлде жойылатынын айтты, - деп жазады "Хабар24".

Бұған мигранттар толқыны мен телехикаялар себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды The Telegraph. Мамандар «th» әріптерінің қосарлануынан шығатын дыбысқа Британиядағы шетелдіктер мен өзге елден келгендердің тілі келмей, бұрмалап айтатынын алға тартты. Соның кесірінен Think сөзі «fink», aл Mother сөзі «muvver» болып айтылып жүр. Сондай-ақ кейбір сөздер қысқарады. Ғалымдардың болжауынша, text зат есімі «tex» болады. Сондай-ақ ғаламтордағы лексикон да ағылшын тіліне әсер етіп келеді. Мысалы, LOL және «эмодзи» өткен жылы Оксфорд сөздігіне енгізілді.  Британдық ағылшын тіліне американдық ағылшын тілінің ықпал еткені туралы естіп пе едіңіз? Ендеше, бұл ықпал «Теория Большого взрыва», «Друзья» және «Симпсоны» телехикаяларымен келіп, бритондардың (britons - британдардың тарихи атауы - Хабар 24 ред.) тілін құбылтып жатыр.
 
Теги: Қоғам
Все новости