|    |  
19 наурыз 2019
23:56
Ағзаға пайдалы болу үшін жаңғақты қалай жеу керек?
22 қараша 2018, 10:33 4
Жаңғақтардың пайдасы өте көп. Бірақ оларды абайлап тұтыну қажет. Жаңғақтар – қоректі заттардың көзі. Олардың құрамында құнды майлар мен Е дәрумені көп.

 
 
Күніне аз да болса жаңғақ жеген адамдар жүрек ауруларына, онкологиялық ауруларға сирек шалдығады. Ол ағзаға барынша пайдалы болу үшін күніне 20 г жаңғақ жеген дұрыс. Ал одан артық тұтынудың аса пайдасы жоқ. Бұл сіздің мүсініңізді сақтауға көмектеседі және асқазанға салмақ салмайды. Жаңғақтарды қабығымен қоса сатып алған дұрыс. Ал аршылғандары пайдалы қасиеттерін жылдам жоғалтады. Қуырылған жаңғақтарды жемеген жөн. Олар қуырғанда пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Аллергиясы бар адамдар жаңғақты абайлап тұтынуы қажет. Себебі жаңғақ аллергия тудыратын өнімдердің бірі. 
 
Дереккөз: Сегодня
Все новости