|    |  
24 ақпан 2020
03:24
Ақбота Сейтмағамбет Дәурен екеуінің өмірін сынайтындарға жауап берді
05 қыркүйек 2017, 15:00 66
Әнші Ақбота Сейітмағамбет өзінің инстаграм парақшасындағы жазылушыларына деген ренішін білдірді.


 
Ол кеше: «Мен ешкімді сынамауға тырысамын, өйткені алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Басқа адамдар туралы айтып, оларды сынау оңай, сіздер оның қалай өмір сүретінін білмейсіздер. Барлық адамның жасырын жақтары болады, ешкім сәбидей таза емес. Мен алдымен өз кірін тазалап алмай біреуді сынайтын адамдарға таңғаламын. Біреу біреуге қалай өмір сүру керектігін үйрете алмайды. Барлығы ауыздары көпіргенше ақыл айтқылары келеді, бірақ не туралы айтып жатқандарын бәрі түсіне бермейді. Біреудің өмірі екінші адамға құпия, сіз барлығын көріп тұрмын дегенмен, оның артында не болып жатқанын, не себепті солай болғанын білмейсіз. Сізді ешкім сіз сияқты түсінбейді және сіздің кешкен күйіңізді кеше алмайды. Досыңызды, көршіңізді, алыс туысыңызды немесе мені жамандамас бұрын ойланыңыз, сізден адамдар теріс айналатындай жағдайды өмір сізге дайындап қойған жоқ па екен? Адамның ең жақсы жағы өз ойыңды, сөзіңді жүйелей білу. Кейбір ақылшылардың сөздеріне кейде күлкім келеді. Мен тек маған не тілесеңіздер өздеріңізге де соны тілеймін. Мен ешкімді мені қадағалап отыруға мәжбүрлеп отырған жоқпын, ұнамасам боссыз. Парақшадан қалай шығу  керектігін білетін шығарсыз?»-деп ашуланды әнші.
  
«Әдемі айтылған! Жарайсың! Дәурен екеуің әдемі жұпсыңдар», «Түсіністікпен қараймын», «Жаман ойға қмаймын сізді», «Біреудің өмірінде кімнің қандай шаруасы бар», «Бұрыннан осындай пост жазуың керек еді», «Ешкімге көңіл бөлмей өмір сүр»-деп қолдады Ақботаның жанкүйерлері.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Гламур для дур» фильмінен кейін басты кейіпкерлерді сомдаған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбеттің махаббат хикаясы жұртты шулатқан. Жас әншінің аяғы ауыр екендігі және Дәуреннің әйелі мен үш баласын тастап кеткендігі белгілі болған. Биыл олар заңды түрде некелерін қиып, Ақбота дүниеге ұл алып келді.

 

Я всегда стараюсь не судить никого, потому что понимаю что жизнь не предсказуема. Говорить и судить о других легко ,ведь вы не знаете чем эти люди живут. Но абсолютно у каждого есть свои скелеты в шкафу, никто не чист как младенец. Просто меня удивляют люди которые забывают о том ,что надо разгрести сначала свою грязь . Никто не может указывать другому как жить, как делать, а как нет. Все горазды умничать и с пеной во рту доказывать что ты не прав, но почему то не все знают о чем говорят! Чужая жизнь это загадка, и пусть вам кажется что вы видите всё, вы никогда не сможете заглянуть за кулисы , вы никогда не поймёте почему и после чего так происходит. Так же и про вас, вас никто никогда не поймёт и не войдёт в ваше положение. Прежде чем обсуждать и обливать грязью друга, соседку ,дальнего родственника или меня подумайте сначала, не предоставит ли вам жизнь сюрприз после которого вас все закидают камнями. Самое лучшее качество в жизни, это уметь фильтровать свои мысли, свою речь! Мне порой становится очень смешно от некоторых умников, я лишь хочу вам пожелать того же ,чего желаете вы мне! Ах да, я ни в коем случае не хочу вас заставлять наблюдать за мной, если вам не нравится что то во мне ,вы абсолютно свободны. Надеюсь вы знаете как можно отписаться? ????

Публикация от Акбота-Нур ???? (@akbotanurabaykyzy)


Дереккөз: Reactor
Все новости