|    |  
15 қараша 2018
19:37
​АҚШ азаматтары Mercedes-Benz компаниясын сотқа берді
22 ақпан, 10:32 1010

Аты әлемге әйгілі неміс автоөндірушілері дауға ұрынып жатыр. Бұл жолы АҚШ-тың авто әуесқойлары Mercedes-Benz компаниясын сотқа берді. Айтуларынша, көліктен шығатын газ қалдықтары шамадан тыс көп. Мысалы, азот оксидінің көрсеткіші тиісті деңгейден 19 есе асып түскен. Бұл олқылық көбіне танымал  Е, JL, ML және S класстарынан анықталып отыр. Алайда компания өкілдері ресми мәлімдеме жасап, өздеріне тағылған айыптарды негізсіз деп атады. Қазір компанияның қорғаушылары тиісті құжаттарын сотқа дайындалып жатыр.


24.kz
Все новости