|    |  
22 ақпан 2020
04:38
АҚШ елшісі шапан киіп, Николас Кейджге қолдау білдірді
19 тамыз 2017, 20:57 86
АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі елші Джордж Кролдың қазақ шапанын киіп түскен суретін жариялады.



«АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол көптеген адамдар сияқты қазақ шапанын ұнатады. Ал оның оң қолындағы не нәрсе екенін кім біледі?» – деп жазды елшіліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Голливуд актері Николас Кейджге астаналықтар шапан жапты. Николастың қазақ шапанымен түскен суреті желіде қызу талқыға түсті. Тіпті, кейбіреулер оны әзілге айналдырып жатты. Ал АҚШ елшісі отандасына қолдау білдіргісі келген ұқсайды.

Дереккөз: stan.kz
Все новости