|    |  
17 қараша 2018
15:53
​АҚШ-та құрғақшылықпен күресудің жаңа әдісі ойлап табылды
14 тамыз, 10:00 1108
Калифорниялық ғалымдар құрғақшылықпен күресудің тың әдісін ойлап тапты. Өңірдегі су қоймалары пластик шарлармен көмкерілді. «Осылайша өзен мен көлдердің бетінде қалқыған дөңгелектер тіршілік нәрінің буға айналып кетуіне тосқауыл болады», - дейді мамандар.



Осы тәсілдің арқасында жылына 1 млн текше метрден астам су буланбай, қаз-қалпында сақталады. Ең бастысы, қара түсті шарларды 20 жылда бір рет ауыстырып тұру қажет. Айта кетейік, соңғы кезде Калифорнияда жаңбыр сирек жауатын болған. Жергілікті тұрғындар 4 жыл қатарынан құрғақшылықтан зардап шегіп жатыр. Дэвид Педерсен, су шаруашылығы округінің басқарушысы: - Шарларға салмақ беріп, ұшып кетпес үшін оларға су құйып қойдық. Осы тәсілдің арқасында судың азаюымен қоса, онда балдыршөптердің пайда болуына жол берілмейді.

Дереккөзі: 24.kz
Все новости