|    |  
20 қаңтар 2019
14:23
АҚШ тұрғыны птерозаврды камераға түсіріп алған (видео)
08 қыркүйек 2015, 17:04 1302


АҚШ-тың Айдахо штатының бір тұрғыны аспанда қалықтап жүрген птерозавр құсын көргенін жеке парақшасында жариялады.

Ол өз сөзінің дәлелді болуы үшін ерекше құбылысты бейнекамераға түсіріп алыпты. Бейнежазбадан ерекше алып құсты аңғаруға болады.

Оның бет-бейнесі расымен де птерозаврға ұқсас: кадрды жақындатып қарағанда құстың аса үлкен қанаттары мен өзіне тән айдары анық көрінген.
Аталған бейне жазбаны қазірдің өзінде  жүз мың адам тамашалап үлгерген. 
Ал сарапшылар болса, аталған құстың жай ғана жарқанат екенін айтып отыр. Шебер жасалған монтаждың арқасында ол расымен де птерозаврға ұқсаған дейді кейбіреулер.

Айта кетейік, птерозавр құстары біздің дәуірімізге дейінгі мезозой дәуірінде өмір сүрген.

Все новости