|    |  
19 қараша 2019
10:04
Ақшамен қарым-қатынас жасаудың 9 тәсілі
13 ақпан 2017, 11:17 56

Байлық ақшада емес, оның санында деген қағиданы жиі құлағымыз шалады. Былай қарасаң, жалақымыз жеткілікті тәрізді, бірақ кейін оны қайда жұмсағанымызды білмей қаламыз. Әйтеуір жетпей жатады. Мүмкін үнемдей алмайтын болармыз? Негізі ақшамен дұрыс қарым-қатынас жасай білуіміз қажет. Қалай?..

1.Өзіңді бағала

Әрдайым өз кірістеріңді ұлғайтуға тырыс. «Мен бұдан да үлкен табысқа лайықпын» деп жиі айт. Егер қазіргі қызметіңіздегі жалақыңыз қанағаттандырмаса, басқасын іздеңіз. Немесе қосымша табыс көзін ойластырыңыз.

«Мен ешқашан үй, көлік секілді қажеттіліктеріме ақша жинай алмаймын, қолымнан келмейді» деп айтушы болмаңыз. Одан да мақсат қойыңыз да кішкентай сатысынан қадам басыңыз!

2.Өзің түсінбейтін нәрсеге ақша шығындама!

Алдын-ала анықтап алыңыз. Мәселен, кәсіп, қаржы, жұмыс немесе сіздің қызығушылығыңыз туып жүрген сала болуы мүмкін.

3.Құрғақ уәдеге сенбеңіз

Жылдам ақша табасыз, пайызы осынша есе артады,  тағысын тағы деп, ауызбен ақшаның астында қалдыратын жандарға құлақ аспағаныңыз жөн. Өйткені үлкен қаржы табу үшін үлкен тәуекел жасауыңыз қажет екенін ескеріңіз. Қаржы құйып, соңында ешқандай пайда таппайтын болсаңыз, сізге оның қажеті қанша?

4.Өз  қаржыңызды бақылауда ұстай біліңіз

Көпшілігіміз айдың соңына қарай, тіпті, екінші жартысында ақшамыздың қайда кеткенін аңғармай қаламыз. Бақылауда ұстау сондықтан қажет болады. Яғни, кірістеріңіз бен шығындарыңызды жазып, есеп жасап жүріңіз.

5.Жеке немесе отбасы бюджетін алдын-ала жоспарла

Мереке қарсаңында үйіп-төгіп сыйлық сатып алу, көліктің қыстық дөңгелегін ауыстыру, демалыс орындарына барып демалып қайту, тіс дәрігеріне қаралу, WiFi-дың ақшасын төлеу, телефонға бірлік салу т.б. Мүмкін бірінен бас тартқан дұрыс болар? Кішігірім деп ойлаған дүниелеріміз де бізге айтарлықтай шығын әкелуі мүмкін.

6.Үнемі қаржыңыздың белгілі бір мөлшерін қалдырып отырыңыз

Өзімізге қажет нәрселерді аламыз, қарыздарымызды береміз, коммуналдық төлемдерді төлейміз, сонымен бітті. Артық қалдырмаймыз. Сол себепті табысыңыздың кемінде 10 пайызын жинап отырыңыз. Уақыт өте келе «тамшыдан тама-тама көлге айналғанын аңғарасыз».

7.Жанармайды үнемдеу

Егер көлігіңіз болса, айына қанша қаржыңыз жанармайға кететінін есептеңіз. Сонда оған да басы артық кетіп жатқан ақшаңызды үнемдеуге тырысасыз.

8.Шопоголик болмаңыз

Қазір сәнде екен немесе жеңілдік жүріп жатыр екен деп емес, өзіңе нағыз керекті нәрсені ғана сатып ал. Көзіңе әдемі көрінгенді ала берудің қажеті жоқ. Артынша оның ешқандай ерекшелігі де артықшылығы да жоқ екенін аңғаруыңыз мүмкін.

9.Қарызға кірме

Әсіресе үлкен көлемдегі қарызға. Қарыздың екі түрі бар: жақсы, жаман. Күнделікті жүрып-тұруға, ішіп-жеуге алған қарыз – жаман, ал кәсіп бастауға, үлкен табыс табуға алынған қарыз – жақсы. Сондай-ақ, несиесін төлеп бітіргенше сәннен шығып кететін тұрмыстық техниканы (телефон, планшет т.б.) алудан да аулақ болыңыз.

http://ikerim.kz/2017/02/01/akshamen-karym-katynas-9-tasil/
Все новости