Актер Жүсіп Ақшора қызын ұзатты
23 қараша 2017, 15:25
116
«Шаншар» театрының танымал актері Жүсіп Ақшора қызын ұзатты. Бұл қуанышының актердің өзі желідегі парақшасында жазды. Актер қызы Айжан мен күйеу баласы Ерланға деген ақ тілегін өлеңмен өрген.

Болған едім сырласың да, ақылшың,
Деуші ең әркез – Әке, қымбат, жақынсың.
Балдәуренің бойжетті де бір күнде,
Туған үйден ұзап бара жатырсың.
…Тілегі осы саған айтар Әкенің,
Бойға жима жат қылықтың бөтенін.
Ұғына біл мына өмірде алдымен,
Жар болудың биік ұғым екенін.
Қызға міндет өмір осы жүктеген,
Сені алдан тосып тұрсын құт-мекен.
Буалдыр боп кетті Әкеңнің жанары,
Менен гөрі қайта анаң мықты екен – дейді актер.



Дереккөз: Reactor

Болған едім сырласың да, ақылшың,
Деуші ең әркез – Әке, қымбат, жақынсың.
Балдәуренің бойжетті де бір күнде,
Туған үйден ұзап бара жатырсың.
…Тілегі осы саған айтар Әкенің,
Бойға жима жат қылықтың бөтенін.
Ұғына біл мына өмірде алдымен,
Жар болудың биік ұғым екенін.
Қызға міндет өмір осы жүктеген,
Сені алдан тосып тұрсын құт-мекен.
Буалдыр боп кетті Әкеңнің жанары,
Менен гөрі қайта анаң мықты екен – дейді актер.



Дереккөз: Reactor
Все новости