|    |  
20 қараша 2018
18:38
Алаңдағы «Қайрат» ФК ойыншыларына жүгіре шыққан жанкүйер 20 мың теңге төлейді
30 маусым, 15:31 736

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі «Қайрат» футбол клубының алаңдағы ойыншыларына жүгіре шыққан жанкүйерге ұсақ бұзақылық бойынша айыппұл салынғанын хабарлады.
 
«Биылғы 15 маусымда К. есімді азамат Орталық стадионда футбол матчы аяқталған соң алаңға жүгіре шығып, «Қайрат» командасының ойыншыларына қарай бет алған. Яғни айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзды»-делінген хабарламада.
 
Сот отырысында айыпталушы айыбын толығымен мойындап, бұдан кейін мұндай қылық қайталамайтынына уәде етті.
 
Сот шешімі бойынша К. кінәлі деп танылып 21 210 теңге сомасында, яғни 10 АЕК айыппұл салынды. 
 
Все новости