|    |  
25 наурыз 2019
02:18
​Алапат апат: соқтығысқан екі пойыздың вагондары жапырылып қалған
13 шілде 2016, 09:55 3


Италияның оңтүстігінде екі пойыз соқтығысып, ондаған адам қаза тапты. Оқиға Андрия және Корато қалаларының арасындағы жолда орын алған. Бір жолмен келе жатқан екі пойыздың бірнеше вагон тұтастай жапырылып қалған. Қаза тапқандар саны нақты хабарланған жоқ. Ауыр жарақат алған жолаушылар да көп. Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін тікұшақтар жұмылдырылды. Италияның апат орнына дереу жеткен көлік министрі Грациано Дельрио құтқару қызметтерінің қызметін өзі қадағалайтынын,  істі тергеу үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылатынын мәлімдеді.  
 


Все новости