|    |  
21 наурыз 2019
22:49
Әлемдегі ең ғажайып мотор
21 қараша 2018, 09:39 2


Дүниедегі ең керемет мотор – көкірегіңіздің сол жағында орналасқан жүрегіңіз. Жүрегіміз ерекше жүйесімен, тоқтаусыз соғуымен тәулігіне денеміздегі қанды 1000 рет толық айналдырып шығады екен. Жүрек 1 сағатта орташа көлемді жеңіл көлікті 1 метр жоғары көтеретіндей қуат бөліп шығарады. Жүректің қанды айдаған кезде қолданатын күші өте қуатты. Осы күш арқылы қанды 3 метр биіктікке ытқыта алады. 

Жүректің ең ерекше қасиеті – өмір бойы үздіксіз жұмыс істеуі. Осы тұрғыдан алғанда, оны дүниедегі тоқтамай, демалыссыз жұмыс істейтін теңдессіз мотор дей аламыз. Жүрек – шамамен минутына 70 рет, жылына 37 миллион рет соғып,үнеміз қозғалыста болатын жалғыз ағза. Адамның орта өмірі бойынша 2,5 миллиард рет соға отырып, 300 миллион литрге жуық қан айдайды. Жүрегіміз ұйқыдағы кезімізде де сағатына 340 литр қан айдайды.

Айтыңызшы, алақаныңызды қанша минут үздіксіз ашып-жұмып тұра аласыз? Бірнеше минуттан кейін талып, әрекетіңізді жалғастыра алмай қалатыныңыз анық. Ал енді жүректі өмір бойы бір мезет тоқтатпастан, денеміздің түкпір-түкпіріне сағатына жүздеген литр қанды айдатқызып тұрған қандай күш? Осы туралы ойланып көрдіңіз бе?..
Все новости