|    |  
19 қараша 2018
14:22
​Әлемдегі ең ірі автокөлік компанияларының тізімі
17 тамыз, 16:15 1229

 
Қытайлық автокөлік сарапшылары әлемдегі машина шығаратын ең ірі компаниялардың рейтингін шығарды. Тізімде Volkswagen Group концерні көш бастап, жылдық айналымы 236,6 млрд долларды құраған. Екінші орынды еншілеген Toyota Motor компаниясының айналымы 236,5 млрд долларға, ал үшінші орынға тұрақтаған Dailmler Group-тың жылдық айналымы 165,8 млрд долларға жеткен.
 
Үздік үштіктен кейін, төртінші-бесінші орынды америкалық General Motors ($152.3 млрд), Ford ($149.1 млрд) компаниялары, алтыншы орынды Жапонияның  Honda Motor (121.6 млрд) корпорациясы иеленген. Одан кейін Қытайдың SAIC Motor компаниясы мен Баварияның BMW автоконцерні орналасқан. Ал тоғызыншы орынға Жапонияның Nissan Motor компаниясы тұрақтаса, тізімді Қытайдың Dongfeng Motor Group автоөндірушісі қорытындылаған.
 
Дереккөз: planet-today.ru
Все новости