|    |  
17 қараша 2018
22:18
​Әлемдегі ең қымбат шәйнек 3 млн долларға бағаланды
13 қыркүйек, 11:57 723

 
Лондонда әлемдегі ең қымбат шәйнек жұртшылық назарына ұсынылды. Оның құны 3 миллион долларға бағаланған. Egoist аталатын алтын шәйнекті италиялық  Scavia фирмасының зергерлері жасаған. Оған 1,6 мыңнан аса гауһар мен 388 лағыл жұмсалған. Дәл ортасындағы лағылдың салмағы 6 қараттан асады. Ал қақпағына 20 қаратты қымбат тас орнатылған.
 
Бұл шәйнек Chitra коллекциясына енді. Аталмыш коллекцияда ыдыс-аяқтың 1700-ден астам бірегей түрі бар. Олардың арасында Уинстон Черчилдің қызына тиесілі күміс шәйнектер мен қытайдың Сун династиясына тиесілі ыдыстар бар.
 
Бұған дейінгі ең қымбат шәйнек 2007 жылы Sotheby's аукционында 2 миллион долларға бағаланған болатын. Бұл шәйнек Қытайда жасалып, патшайым І Елизаветаға тарту етілген. Патшайым оны 1603 жылы Генри Парриге сыйға тартқан.
 
Дереккөз: Лента.ру
Теги:
Все новости