|    |  
20 қараша 2018
22:45
Әлемдік мұнай-газ компаниялары инвестицияны қысқартады
06 қаңтар, 10:51 911


Әлемдік мұнай және газ компаниялары энергоресурстар бағасының төмендеуіне байланысты инвестицияны қысқартпақ. Бұл туралы Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің сарапшылары болжам жасады, деп хабарлайды vestifinance.ru.

«Шикізаттың шамадан тыс өндірілуі жаһандық мұнай нарығына қысым көрсетуде. Бұл 2016 жылы табиғи газға да ықпалын тигізіп жатыр. Оның үстіне Иранға қарсы санкциялардың жойылуы нарықта мұнайдың еселеп артуына алып келеді», — дейді Moody’s-тің басқарма директоры Стивен Вуд.

Агенттік атап өткендей, мұнай бағасының төмендеуі ақша ағымының төмендеуіне және баға белгіленіміне кері әсерін тигізуде. Мұнай және газ компанияларының қаржылық жағдайын қиындатуда.

«Тіпті инвестициялық рейтингі жоғары әртараптандырылған компаниялардың өзіне қаржылық жағдай әлсіреп, қаржылық леверидж артуда», — деп есептейді агенттік сарапшылары.

Moody’s сарапшыларының сөзіне қарағанда, 1206 жылы мұнай-газ компанияларының инвестициясы барлау және өндіру ісінде 20-25%-ға дейін қысқарады.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
Все новости