|    |  
16 қараша 2018
04:02
Әлеуметтік ролик көпшіліктің көзіне жас алдырды (ВИДЕО)
31 тамыз, 12:02 5701


Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің тапсырысымен түсірілген әлеуметтік ролик көпшіліктің көңілінен шығып, көзге жас алдырды.

Сюжеттік желісі өте сәтті шыққан шағын ғана роликте жүректі шымырлататын тұстар көп-ақ.
Жауапсыз әкенің алимент төлеуден жалтаруы жалғызбасты ананың сағын сындырмай, балаларын бауырмашыл етіп тәрбиелеуіне сеп болғанын көрген ғаламтор пайдаланушылары көптеп пікірлер қалдыруда.

Жастық пен қызбалыққа салынып, бауыр еті балаларын тағдыр талқысына салып кеткен талай ер азаматтардың осы роликті көрген соң жүрек көздері оянар деген сенімдеміз.



Режиссері: Серік Таласов
Операторлар: Ерлан Рахматуллаев, Бағдат Сейдахметов
Композиторы: Руслан Шынықұлов



Айдар Жанай
Все новости