|    |  
15 қараша 2018
19:40
Әлеуметтік желіде сүйіктісі үшін қыз болып киінген романтик жігітті қолдаушылар көбейді
04 маусым, 10:38 803
Олжас Құдайбергенов ҰБТ-ға қыз болып киініп барған жігіттің айыппұлын төлеуге көмектеспек. Қазақстандықтар ҰБТ-ға қыз болып киініп барған жігітке 400 мың теңге айыппұл төлеу үшін көмектесуге дайын.

Еске сала кетейік, ОҚО-да сүйіктісі үшін ҰБТ тапсырмақ болған жігітке 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екені айтылған болатын.


Осыдан соң, Ұлттық банк төрағасының бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Facebook-тегі парақшасына жазба қалдырып, жігітке көмектесетінін айтты.

«Жылдың басты романтигі атанған жігіт туралы барлығыңыз да естіген шығарсыздар. Ол ҚБТУ-да оқиды. Осы оқу орнындағы оқытушы ретінде мен жігіттің айыппұлын төлеуге көмектесуге дайынмын (400 мың теңгенің жартысын төлеуге көмектесемін). Енді сүйген қызы оған шектен шықпайтын романтикалық әрекеттер жасауға серпін береді деп ойлаймын», – деп жазады макроэкономикалық Орталық директоры Олжас Құдайбергенов.

Дереккөзі: nur.kz
Теги: Главная
Все новости